Тәжімұратов Ілияс


  
  (26.06.1936 жыл,  Байғанин ауданы) – ғалым, педагог, физика – математика ғылымдарының докторы, профессор. Жарқамыс орта мектебін (1953), Қазақ мемлекеттік университетін (1958) бітірген. № 1 Қарауылкелді орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарды. 1964 – 1967 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды, профессор В.Харасахалдың жетекшілігімен ғылыми жұмыстармен шұғылданды. 1967 жылы жай дифференциалдық теңдеулер системасының квазипериодты шешулерін табу мәселелері жөнінде диссертация қорғап, физика – математика ғылымдарының  кандидаты дәрежесін алды.1992 жылы Украина Республикасы Ғылым Академиясы математика институтының ғылыми кеңесінде "Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйесінің көп периодты шешулерін табудың жолдары"  тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады. 1967 – 1992 жылдары Гурьев (Атырау) педагогика институтында математикалық анализ кафедрасының меңгерушісі, физика – математика факультетінің деканы, Алматы теміржол институты Ақтөбе филиалында факультет деканы қызметтерін атқарды. 1992 жылдан Қ:Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде математикалық анализ кафедрасының меңгерушісі, І.Тәжімұратов 60 - тан астам ғылыми еңбектер жазды, олар республикалық, одақтық және шетел баспасөз құралдарында жарияланды, ол 1994 жылдан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде аспиранттарға ғылыми жетекшілік жасайды.