Ленин
орденімен, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, 2 – ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен,
медальдармен марапатталды.
Шығ.:
Размещение производительных сил и народнохозяйственные пропорции в Казахстане.
А – А. 1974Елім деген ер
«Ағасы бардың жағасы бар»
демей ме халық. Олар Ұлы Отан соғысына дейінгі уақытта елге қызмет етті,
соғыстың қырғын майданында қан кешіп жүріп елін-жерін қорғады, одан кейінгі
бейбіт заманда да адал еңбегінен айнымады. Өзім туралы аз-кем сөйлесем: Еңбек
ардагерімін, Өзбекстанның «Оқу ісінің озаты» атағын алғанмын, елу жылға жуық
еңбек тәжірибемнің ширек ғасырын Қазақстанның білім беру ісіне арнадым. Зейнет
жасына жеткен кезімде бұрнағы уақытты еске алып, Нұрдәулет Күзембаев, Атағулла
Жаналин, Мүсіран Қиынбаев, Ілияс Омаров, Жұмабек Тәшенов, т.б. азаматтармен
дәмдес болған, бірге жүрген кезеңдерді қағаз бетіне түсіргенді жөн санадым.
Қазір олардың көзі тірі болса, алды ғасырлық тойын мерекелеп жүрер ме еді?
Алайда, өмір – мәңгі емес, біздің қолдан келері осындай айтулы азаматтардың
өмірін, өнегесін қалың көпшілікке жеткізу. Ағалар туралы әңгімені мамыр айында
жүз жылдығы өткен марқұм Нұрдәулет Күзембаевтан бастамақпын. Мен жазар
естеліктің шарты – естігенді емес – көзбен көргенді, оқығанды емес – көкейге
тоқығанды жазу.
Нұрдәулет Күзембаев – менің бауырым еді. Кезінде Ресейдің сынақ алаңына айналып, қазір топырағы кенезіп жатқан Ақтөбе облысы, Байғанин ауданына қарасты Доңызтау – бұрындары бұлағы сылқ-сылқ күліп ағып, малы маңырап, қозысы жамырасқан сәнді-салтанатты өлке еді. Міне, осы өңірде дүние есігін ашқан Н.Күзембаев Темірдегі орыс-қазақ мектебінен білім алып, жас кезінен еңбекке араласты. Нұрдәулет ағам Темірдегі мектепте қазақтың атпал азаматтарының біразымен бірге оқып, қиындықтың тауқыметін көтерісіп, бір уыс талқанды бөлісіп жескен. Құдайберген Жұбановтан дәріс алса, Ишанбай Қарақұлов, Ахмет Жұбанов, Атағулла Жаналин, Жәлел Тумышев, Нәрен Мейірманов, т.т. азаматтармен тай-құлындай тебісіп бірге өскен. Еңбектің жоғары білімсіз нәтижелі болмасына көзі жеткеннен кейін, 1937 жылы Ленинградтағы Экономика-финанс институтында білім алады. Мәскеу, Ленинградтан сіңірген білімі кейінгі қызмет жолында көп септігін тигізді. Экономика ғылымының кандидаты (1964 ж.), экономика ғылымының докторы (1987 ж.) атағын қорғап, 4 монография, 5 кітап жазды. Жоғарғы Кеңестің екі дүркін депутаты, партия съезінде 5 рет Орталық Комитеттің мүшесі болып сайланған. Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен (№297506), Ленин орденімен (№57097), «Еңбек Қызыл Ту орденімен (№92071) және бірнеше медальмен марапатталған.
1937 жылы Экономика-финанс институтын бітіріп келгеннен кейін Қазақстанның Коммуналды Банкінде бөлім бастығы, Министрлер Кеңесінің Іс басқарушысы болды, кейін Жоғарғы Кеңестің ұйымдастыру органдарында қызмет етті. Госпланда, кейін Госплан жанындағы Ғылыми-зерттеу институтында директор болды. Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысы атқару комитеттерінде абыройлы еңбек етті. Арасында жастарды тәрбиелеу, тәжірибесін бөлісу үшін Нархозда да дәріс оқыды.
Қазақ даласы әлемнің ақыл-ойына үлес қосқан біртуар ұлдардан кенде емес. Буынмен буынның арасын жалғаған сол көш ХХ ғасырда да толастамады. 1920 жылдары өмір мектебінен қатарлас өткен Ілияс Омаров, Жұмабек Тәшенов, Ишанбай Қарақұлов, Ахмет Жұбанов секілді азаматтардың замандастары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Күләш Байсейітова, Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шәкен Айманов, т.б болғаны белгілі. Олар қатар жүріп елдің мұңын мұңдап, жоғын түгендеді, замананың уын бөлісіп ішіп, жастықтың қуанышын бірге көрісті...
«Талантқа тақ емес, бап керек» деген қазақтың сөзіне сай, менің ағама бап жасай білген, оның алаңсыз қызмет етіп, елге еңбек сіңіруі үшін жағдайының бәрін жасап отырған жеңгем Ақмарал екеуі 1937 жылдан бірге ғұмыр кешті. Жеңгем Ақмарал Мәскеуде Күләш Байсейітовамен достасыпты, сол достықтан ғұмыр бойы айнымай өтті. Қуаныштары мен қайғыларын бірге көтерісті. Бірде Нұрдәулет ағам Күләш пен Қанабекке домбырамен бір ән айтып береді. Ән Күләшқа ұнап, Мұқан Төлебаевқа өңдетіп, әннің атын «Ақмарал – сұлу еркем» деп қойып, шырқап жүрді. Нұрдәулет ағам Ақмарал Зұлқарнайқызымен бес бала тәрбиелеп өсірді. Ұлы Ғазиз – ғылым кандидаты. Ленинградтың Тау-кен институтын бітірген. Келіні Галина Күзембаева ГалаТВ-да продюсер болды. Г.Күзембаева «Невада-Семей» қозғалысында Олжас Сүлейменовпен қатар жүрді. Немерелері Айгүл – ғылым кандидаты, күйеу баласы Болат – кәсіпкер. Алинасы – Францияда. Қызы Әлия – зейнеткер.
Нұрдәулет аға, әсіресе, Ілияс Омаров және Жұмабек Тәшеновпен жақсы араласты. 1964 жылы Шымкентте Ғылым Академиясының көшпелі сессиясы болды. Оған мүйізі қарағайдай ғалымдар, үлкен азаматтар қатысты. Арасында Нұрдәулет ағам мен Ілияс Омаров және Фатима Палымбетовалар да бар. Жолдасым Тәжібай Мәскеудің Тимирязев Академиясын бітірген азамат еді. Ол уақытта Шымкенттегі бес ауданды біріктіріп, ауылшаруашылық басқарма құрып, сол басқармада басшылық қызметте жүрді. Орайы келіп, еліміздің үлкен азаматтары елге келген соң, біз Түркістандағы үйімізге ағаларымызды, апаларымызды қонаққа шақырдық. Ілияс аға түнімен әңгіме айтты. Таңда Қожа Ахмет Иассауиге барды. Мешітке кіргеннен кейін құранды өзі оқыды. Бұл уақытта Ілияс Омаров Мәдениет министрі болатын. Кейін мешітті қалпына келтіруде көп еңбегін сіңірді.
Нұрдәулет аға Алматы облысында басшылықта жүргенде, 1948 жылы Нұртас Оңдасынов, Жұмабай Шаяхметовтер С.М.Буденныймен бірге, Қаскелең ауданының бірнеше колхоздарын аралап көреді. «Луч Востока» колхозы Буденныйға ат мінгізеді. Олар елдегі шаруашылыққа риза болып аттанады.
Нұрдәулет ағам Алматы облысына дейін Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетін басқарған. Ағамның орнына ол жаққа басшы болып Ілияс Омаров барады. Алматыда 2-3 жыл қуаңшылық болып, жеміс-жидек шықпай қалып, ағам облысқа басшылыққа келген жылдары мол өнім алады. Сонда ағам қуанғаннан Шығыс Қазақстанды басқарып отырған әріптесі әрі досы Ілияс Омаровқа хабарлап, мақтанбай ма? Ағамның қуанышына Ілияс Омаров өлеңмен былай деп жауап беріпті:
Ми толып ақыл менен ойым кеңіп,
Қалғандай ескі жұртта жастық желік.
Алқапты Алатаудың саясынан,
Алтайдың құшағына кірдім келіп.
Нұрдәулетке!
Не дейді мазаны алып мына қасқа,
Жатқанда жұмыс басып одан басқа.
Бірі – таз (Нұрағаның шашы жоқ қой), бірі –
ақсақ, бірі – тышқақ,
Құдай-ай, жарыттың-ау замандасқа!
Облыс кері кеткен сенен бастап,
Оңбайтынын білген соң кеттің тастап.
Біреуің сүтін, біреуің қаймағын жеп,
Қалыпты үлес болып бізге қаспақ.
Тұра-тұр бір-екі жыл сабыр етіп,
Еліріп бұзаудай боп кетпей көкіп.
Шашымды садақаға берем саған,
Кетпесем облысыңды басып өтіп,
Жатпай-ақ таныстырып басқасымен.
Бір жыл шыққан алтынға сатып алам,
Облысыңды басқарған қасқасымен.
(25.09.1945
жыл). Нұрдәулет Күзембаев – менің бауырым еді. Кезінде Ресейдің сынақ алаңына айналып, қазір топырағы кенезіп жатқан Ақтөбе облысы, Байғанин ауданына қарасты Доңызтау – бұрындары бұлағы сылқ-сылқ күліп ағып, малы маңырап, қозысы жамырасқан сәнді-салтанатты өлке еді. Міне, осы өңірде дүние есігін ашқан Н.Күзембаев Темірдегі орыс-қазақ мектебінен білім алып, жас кезінен еңбекке араласты. Нұрдәулет ағам Темірдегі мектепте қазақтың атпал азаматтарының біразымен бірге оқып, қиындықтың тауқыметін көтерісіп, бір уыс талқанды бөлісіп жескен. Құдайберген Жұбановтан дәріс алса, Ишанбай Қарақұлов, Ахмет Жұбанов, Атағулла Жаналин, Жәлел Тумышев, Нәрен Мейірманов, т.т. азаматтармен тай-құлындай тебісіп бірге өскен. Еңбектің жоғары білімсіз нәтижелі болмасына көзі жеткеннен кейін, 1937 жылы Ленинградтағы Экономика-финанс институтында білім алады. Мәскеу, Ленинградтан сіңірген білімі кейінгі қызмет жолында көп септігін тигізді. Экономика ғылымының кандидаты (1964 ж.), экономика ғылымының докторы (1987 ж.) атағын қорғап, 4 монография, 5 кітап жазды. Жоғарғы Кеңестің екі дүркін депутаты, партия съезінде 5 рет Орталық Комитеттің мүшесі болып сайланған. Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен (№297506), Ленин орденімен (№57097), «Еңбек Қызыл Ту орденімен (№92071) және бірнеше медальмен марапатталған.
1937 жылы Экономика-финанс институтын бітіріп келгеннен кейін Қазақстанның Коммуналды Банкінде бөлім бастығы, Министрлер Кеңесінің Іс басқарушысы болды, кейін Жоғарғы Кеңестің ұйымдастыру органдарында қызмет етті. Госпланда, кейін Госплан жанындағы Ғылыми-зерттеу институтында директор болды. Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысы атқару комитеттерінде абыройлы еңбек етті. Арасында жастарды тәрбиелеу, тәжірибесін бөлісу үшін Нархозда да дәріс оқыды.
Қазақ даласы әлемнің ақыл-ойына үлес қосқан біртуар ұлдардан кенде емес. Буынмен буынның арасын жалғаған сол көш ХХ ғасырда да толастамады. 1920 жылдары өмір мектебінен қатарлас өткен Ілияс Омаров, Жұмабек Тәшенов, Ишанбай Қарақұлов, Ахмет Жұбанов секілді азаматтардың замандастары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Күләш Байсейітова, Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шәкен Айманов, т.б болғаны белгілі. Олар қатар жүріп елдің мұңын мұңдап, жоғын түгендеді, замананың уын бөлісіп ішіп, жастықтың қуанышын бірге көрісті...
«Талантқа тақ емес, бап керек» деген қазақтың сөзіне сай, менің ағама бап жасай білген, оның алаңсыз қызмет етіп, елге еңбек сіңіруі үшін жағдайының бәрін жасап отырған жеңгем Ақмарал екеуі 1937 жылдан бірге ғұмыр кешті. Жеңгем Ақмарал Мәскеуде Күләш Байсейітовамен достасыпты, сол достықтан ғұмыр бойы айнымай өтті. Қуаныштары мен қайғыларын бірге көтерісті. Бірде Нұрдәулет ағам Күләш пен Қанабекке домбырамен бір ән айтып береді. Ән Күләшқа ұнап, Мұқан Төлебаевқа өңдетіп, әннің атын «Ақмарал – сұлу еркем» деп қойып, шырқап жүрді. Нұрдәулет ағам Ақмарал Зұлқарнайқызымен бес бала тәрбиелеп өсірді. Ұлы Ғазиз – ғылым кандидаты. Ленинградтың Тау-кен институтын бітірген. Келіні Галина Күзембаева ГалаТВ-да продюсер болды. Г.Күзембаева «Невада-Семей» қозғалысында Олжас Сүлейменовпен қатар жүрді. Немерелері Айгүл – ғылым кандидаты, күйеу баласы Болат – кәсіпкер. Алинасы – Францияда. Қызы Әлия – зейнеткер.
Нұрдәулет аға, әсіресе, Ілияс Омаров және Жұмабек Тәшеновпен жақсы араласты. 1964 жылы Шымкентте Ғылым Академиясының көшпелі сессиясы болды. Оған мүйізі қарағайдай ғалымдар, үлкен азаматтар қатысты. Арасында Нұрдәулет ағам мен Ілияс Омаров және Фатима Палымбетовалар да бар. Жолдасым Тәжібай Мәскеудің Тимирязев Академиясын бітірген азамат еді. Ол уақытта Шымкенттегі бес ауданды біріктіріп, ауылшаруашылық басқарма құрып, сол басқармада басшылық қызметте жүрді. Орайы келіп, еліміздің үлкен азаматтары елге келген соң, біз Түркістандағы үйімізге ағаларымызды, апаларымызды қонаққа шақырдық. Ілияс аға түнімен әңгіме айтты. Таңда Қожа Ахмет Иассауиге барды. Мешітке кіргеннен кейін құранды өзі оқыды. Бұл уақытта Ілияс Омаров Мәдениет министрі болатын. Кейін мешітті қалпына келтіруде көп еңбегін сіңірді.
Нұрдәулет аға Алматы облысында басшылықта жүргенде, 1948 жылы Нұртас Оңдасынов, Жұмабай Шаяхметовтер С.М.Буденныймен бірге, Қаскелең ауданының бірнеше колхоздарын аралап көреді. «Луч Востока» колхозы Буденныйға ат мінгізеді. Олар елдегі шаруашылыққа риза болып аттанады.
Нұрдәулет ағам Алматы облысына дейін Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетін басқарған. Ағамның орнына ол жаққа басшы болып Ілияс Омаров барады. Алматыда 2-3 жыл қуаңшылық болып, жеміс-жидек шықпай қалып, ағам облысқа басшылыққа келген жылдары мол өнім алады. Сонда ағам қуанғаннан Шығыс Қазақстанды басқарып отырған әріптесі әрі досы Ілияс Омаровқа хабарлап, мақтанбай ма? Ағамның қуанышына Ілияс Омаров өлеңмен былай деп жауап беріпті:
Ми толып ақыл менен ойым кеңіп,
Қалғандай ескі жұртта жастық желік.
Алқапты Алатаудың саясынан,
Алтайдың құшағына кірдім келіп.
Нұрдәулетке!
Не дейді мазаны алып мына қасқа,
Жатқанда жұмыс басып одан басқа.
Бірі – таз (Нұрағаның шашы жоқ қой), бірі –
ақсақ, бірі – тышқақ,
Құдай-ай, жарыттың-ау замандасқа!
Облыс кері кеткен сенен бастап,
Оңбайтынын білген соң кеттің тастап.
Біреуің сүтін, біреуің қаймағын жеп,
Қалыпты үлес болып бізге қаспақ.
Тұра-тұр бір-екі жыл сабыр етіп,
Еліріп бұзаудай боп кетпей көкіп.
Шашымды садақаға берем саған,
Кетпесем облысыңды басып өтіп,
Жатпай-ақ таныстырып басқасымен.
Бір жыл шыққан алтынға сатып алам,
Облысыңды басқарған қасқасымен.
Бірақ Нұрдәулет аға мақтанса, мақтанарлықтай еді. Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Н.Оңдасынов сол жылдары Алматы облысына Социалистік жарыстың Жеңіс туын мәңгілік сақтауға тапсырды.
Нұрдәулет ағаның соғыстан кейінгі жылдары араласқан достары, замандастары: Ілияс Омаров, Мәжікен Бутин, Өтешқали Атамбаев, Қазтай Едігенов, Мінайдар Самин (кейін құдасы). Орталық Комитетте Сәкен Дәуленов, Жұмабай Шаяхметов, Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасынов, Ыбыраим Тажиев, Исағали Шарипов, Жұмабек Тәшенов, т.б. азаматтармен қызмет жолында жақсы араласып жүрді. Жұмабек Тәшеновпен өте жақын дос болды. Жұмабек аға Министрлер Кеңесі төрағалығынан Хрущевтің қудалауына ұшырап (Тыңды игеру туралы, Қазақстанның бірнеше облыстарын: Маңғыстауды – Түркіменстанға, Қостанайды – Челябі облысы, Троицк ауданына, Оңтүстік Қазақстанды – Өзбекстанға беру ұсынысына ашық қарсылық танытқаны белгілі), Шымкент облыстық атқару комитетінің ІІІ-ші орынбасары болып келгенінде біздің үйде Нұрдәулет ағам екеуі талай қонақта болды. Жұмабек аға менің жолдасыма: «Күйеу бала, сенің қайнағаң елімді-жерімді құтқар деп, мені жұмыстан айырды», – деуші еді әзілдеп. «Қайда барсаң да ата-бабаңның жері ғой, үлкен жерден қыз алғаныңды ұмытпа», – деп Нұрдәулет ағам да қалыспаушы еді. Сол Жұмабек аға 1986 жылы дүние салды. Шымкенттегі үйіне мемориал-тақтасын қойып, қаланың орталық көшесіне Тәшеновтың атын берді. Жұмабек Тәшенов 80 жасқа толғанда Нұрдәулет ағаның күйеу баласы Болат Әбілов Ақмолаға барып, туған жерінде ас берді.
Нұрдәулет ағам 84 жасында дүниеден өтті. «Оңтүстік Қазақстанды 26 жыл басқарып, еңбегіне адал болды, ешкімді партия қатарынан шығармаған тек Күзембаев Нұрдәулет» деп, орталық басылымдар да жазып жүрді.
Маған ғана аға емес, балаларыма да көмек қолын созды. Балам МГУ-ді бітіріп, сонда кандидаттық, докторлық қорғап, экономика ғылымдарының докторы атағына ие болса, немерелерім Серік, Назерке, Гүлсім Ленинградтағы нағашысы оқыған Экономика-финанс университетін, сол университеттің магистратурасын бітірді.